Студент Energo University – победитель республиканской олимпиады по энергообеспечению сельского хозяйства

Студент  Energo University – победитель республиканской олимпиады по энергообеспечению сельского хозяйства

26.04.2024 Барлық жаңалықтар


25-26 сәуір аралығында Қазақ Ұлттық Аграрлық зерттеу университетінің базасында Қазақстан Республикасының ЖОО студенттері арасында "Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету" білім беру бағдарламасы бойынша XVI Республикалық студенттік пәндік олимпиада өтті.

Іс-шараға еліміздің 12 жоғары оқу орнынан командалар қатысты. Energo University (Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті) атынан ЖБЭК кафедрасының доценті А.Ж. Сагиндикованың жетекшігімен 6B08701 "Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету" ББ студенттері - Давранов Аббос, Қуралды Әділет, Бекен Салауат қатысты.

Олимпиаданы өткізу нәтижелері бойынша 108 қатысушы арасында жеке есепте біздің студент - Давранов Аббос I орынға ие болды.

Оны жеңісімен құттықтаймыз және алдағы табыстарды тілейміз!