Huawei ICT академиясы

MICROSOFT Kaspersky CISCO ORACLE D-Link DAUkey Schneider Electric УНЛ при НТЦ "ПИБ"

2019 жылдың 19 желтоқсанында Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінде Huawei ICT академиясы ашылды. Оны құрудың негізгі мақсаты студенттерге ICT индустриясындағы заманауи бағыттар, таңдалған бағыттар бойынша оқу материалдары туралы ақпаратқа қолжетімділікті ұсыну болып табылады.

Академияның негізгі ережесі – барлық студенттерді тегін сертификаттау.

Оқытуды сертификатталған оқытушылар жүргізеді. Университетте екі оқытушы келесі бағыттар бойынша сертификаттаудан өтті:

Желілік технологиялар:

Деректерді сақтау жүйесі:

Үлкен деректерді сақтау және өңдеу:

Оқу барысында өзін көрсете білген студенттер үшін Huawei Technologies Kazakhstan компаниясы кәсіби сертификаттау емтиханынан өтуге арналған ваучерлерді тегін ұсынады. Емтихан қорытындысы бойынша студенттер берілген бағыт бойынша жұмысқа орналасу мүмкіндігімен компаниядан сертификат алады.

Жыл сайын академия студенттері үшін Huawei Technologies Kazakhstan компаниясы түрлі бағыттар бойынша жарыстар өткізеді.

2021 жылдың қорытындысы бойынша «АЭжБУ» негізіндегі Huawei ICT академиясы Қазақстанда үздік деп танылды. Академияның сертификатталған оқытушылары Татьяна Викторовна Голубева мен Виктор Александрович Тайлаков «Үздік жаттықтырушы» номинациясын жеңіп алды. «Seeds for the future 2021» байқауында 13 студент Үздік-15 қатарына кірді. 5 студент «Huawei ICT Competition Kazakhstan 2021» байқауында бірінші және үшінші орынды қоса алғанда, Үздік-10 қатарына кірді.