Energo University-дің студенті-UIB CUP XII республикалық пікірталас турнирінің чемпионы

Energo University-дің студенті-UIB CUP XII республикалық пікірталас турнирінің чемпионы

11.04.2024 Барлық жаңалықтар


Energo University-дің студенті Нурбек Сламгазинов «Қаржылық сауаттылық - уақыт талабы» тақырыбындағы республикалық пікірталас турнирінде абсолютті чемпион атанды.

Зияткерлік жарысқа 40 команда қатысты-SDU, Нархоз, ҚазҰУ, Satbayev University, Тұран, АТУ, ҚазҰПУ, ҚБТУ және т.б.

Турнир нәтижелері келесідей:

1 орын-ENERGO DC, NEMO фракциясы (Energo University)

2 орын-ТЭО, «Нусайба» фракциясы (Нархоз университеті)

3 орын - SDU, «Альянс» фракциясы (SDU)

3 орын- Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ университеті, «Шыңғыс хан» фракциясы

Біздің ЖОО-ның ENERGO DC командасынан Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар институтының 4 курс студенті Нурбек Сламгазинов қатысты. Ол мектептен бастап пікірталаспен айналысады. Energо University-ге түскеннен кейін Нурбек өзінің құмарлығын тастамады, ENERGO DC студенттік пікірталас клубына жазылды.

- Жалпы мен 7 жылдан бері пікірталаспен айналысып келемін, - дейді Нурбек Сламгазинов. - Университеттің пікірталас клубында мен көптеген достармен кездестім, үлкен тәжірибе мен күшті қолдау алдым.

Анықтама:

ENERGO DC - қазақ тілді пікірталас клубы, онда сіз шешендік шеберлігіңізді, сыни ойлауыңызды және ұйымдастыру қабілеттілігіңізді жетілдіре аласыз. Клуб өзінің көңілді және достық атмосферасымен танымал. Клуб мүшелері-республикалық турнирлердің жеңімпаздары және университетіміздегі ең ірі жобалардың ұйымдастырушылары. Ең бастысы, ENERGO DC пікірталас клубы студенттік жылдар туралы жарқын және ұмытылмас естеліктер беретін ерекше ортаны ұсынады.

Клубқа қосылу үшін Instagram-дағы @energo_dc парақшасына директке жазыңыз.