ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ ҚАРАЖАТЫ ЕСЕБІНЕН СТУДЕНТТЕРГЕ 2024-2025 ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ КҮЗГІ СЕМЕСТРІНЕ АРНАЛҒАН АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ БОЙЫНША БАЙҚАУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ ҚАРАЖАТЫ ЕСЕБІНЕН СТУДЕНТТЕРГЕ 2024-2025 ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ КҮЗГІ СЕМЕСТРІНЕ АРНАЛҒАН АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ БОЙЫНША БАЙҚАУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА

06.03.2024 Барлық жаңалықтар


Халықаралық ынтымақтастық бөлімі серіктес жоғары оқу орындарында (Еуропа елдері-9 орын, Оңтүстік – Шығыс Азия елдері-1 орын) ҚР ҒЖБМ есебінен 2024-2025 жылдың күзгі семестріне академиялық ұтқырлық бойынша конкурсқа құжаттарды қабылдауды жариялайды.

Бағдарламаға 2-ші және 3-ші оқу жылының бакалавриат студенттері қатыса алады.

Қажетті құжаттар:

- білім алушының Кеңседе тіркелген Академиялық жұмыс жөніндегі проректордың атына өтініші (еркін нысанда) (А-115);

-  Қазақстан Республикасы азаматы паспортының көшірмесі;

- университеттің мөрімен расталған ағымдағы үлгерім туралы транскрипт (GPA - 2,67-ден төмен емес);

- ағылшын тілін меңгергені туралы сертификаттың көшірмесі (Intermediate деңгейінен төмен емес) (IELTS – 5,5 – тен төмен емес, TOEFL-46-дан төмен емес) немесе Energo University тілдер кафедрасының ағылшын тілін меңгергені туралы сертификаты;

- әлеуметтік мәртебені растайтын құжаттар (жетім балалар немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттер, мүгедектікті растайтын құжат, көп балалы отбасылардан шыққан студенттер).

Құжаттарды тапсыру мерзімі:  06.06.2024 ж. дейін

Қосымша ақпарат алу үшін халықаралық ынтымақтастық бөліміне хабарласыңыз:

А-411

+7 (727) 323 11 75 (ішк. 67-01; 67-11)