KAZROCKETS SATELLITE DESIGN TOURNAMENT-2024: спутниктерді әзірлеу және құрастыру бойынша жарыстар басталды

KAZROCKETS SATELLITE DESIGN TOURNAMENT-2024: спутниктерді әзірлеу және құрастыру бойынша жарыстар басталды

29.02.2024 Барлық жаңалықтар


Energo University (Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті) Қазақстан мен Орталық Азиядағы KAZROCKETS зымыран жасап шығару құрылысы және авиамодельдеу жөніндегі қоғамдық қорымен бірлесіп, Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитетінің қолдауымен серіктерді әзірлеу және құрастыру жөніндегі жарыстың басталғаны туралы хабарлайды.

Күндер:

Онлайн тур: 24.02.2024-18.03.2024)

Шағын спутник үшін 3D үлгісін жасау

Офлайн хакатон (10.04.2024-12.04.2024)

Шағын спутникті 24 сағат ішінде құрастыру.

Өтетін орны: Қазақстан Ғарыш Сапары, Астана

Мақсатты аудитория: 16-21 жас аралығындағы қазақстандық жастар

Жарыстың мақсаты-ғарыш саласының өсуін ынталандыру үшін аэроғарыштық технологияларды дамытуға қызығушылықты ояту.

Қатысушылар үшін жарыстың артықшылықтары:

Шағын өлшемді спутникті жобалау мен құрастыруда практикалық тәжірибе жинақтау.

Спутникті құрастыруға белсенді қатысу арқылы топтық жұмыс, көшбасшылық және сыни ойлау дағдыларын дамыту.

Спутникті құрастыру және сарапшылармен кері байланыс үшін дайындық материалдарын алу.

Өнеркәсіп өкілдерімен және әлеуетті жұмыс берушілермен байланыс орнату мүмкіндігі.

Қатысушыларға арналған толық ақпарат және тіркелу нысаны сілтеме бойынша орналастырылған:

https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSe_hNlciuuWpXsPoW0o3Xm2fb1TECzeprTxygLqu81SYVD7EQ/viewform