Energo University-де Академиялық кеңес беру орталығы ашылды

Energo University-де Академиялық кеңес беру орталығы ашылды

28.02.2024 Барлық жаңалықтар


Energo University-де (Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті) Академиялық кеңес беру орталығы жұмысын бастады. Оның мақсаты-студенттерге барлық академиялық мәселелер бойынша қолдау көрсету және кеңес беру, соның ішінде курстарды таңдау, курстарға тіркелу, ЖОЖ жоспарлау, емтиханға дайындық және т.б.
Орталықтың қызметтері академиялық көрсеткіштерін жақсартуға және оқуын тиімді жоспарлауға ұмтылатын барлық Energo University студенттеріне қолжетімді. АКБО ұсынады: жеке кеңестер, семинарлар, жұмыс топтары және табысты оқу үшін қажетті дағдыларды дамыту шаралары.
Академиялық кеңес беру орталығы дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді. Консультацияға жазылу немесе қосымша ақпарат алу үшін АКБО қызметкерлерімен электрондық пошта aac@aues.kz арқылы байланысу немесе А корпусындағы № 202 кеңсеге бару қажет.
Академиялық кеңес беру орталығы ұсынатын ресурстар мен қолдауды пайдалану мүмкіндігін жіберіп алмаңыз.

Біз сізге академиялық жетістікке жетуге көмектесу үшін осындамыз!


Құрметпен,
Құдайберген Жұлдыз Мәлікқызы
Академиялық кеңес беру орталығының басшысы