Барлық жолдар Energo-ға апарады: Energo University-де түлектердің кездесуі

Барлық жолдар Energo-ға апарады:  Energo University-де түлектердің кездесуі

26.02.2024 Барлық жаңалықтар


24 ақпанда Energo University-де club қозғалысын дамыту аясында бірден екі іс-шара өткізілді: Электр энергетика факультетінің 2005 жылғы түлектерінің кездесуі мен «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандығы түлектерінің бес жылдық мерейтойлық кездесуі .

Қонақтардың екі тобына олар үшін есте қалған университеттің орындарын аралау және оқытушылармен кездесу үшін  жеке бағыттар әзірленді. Бірақ ең бастысы – қонақтар бір-бірімен кездесуге және өздерінің студенттік өмірлерінде болған жарқын сәттерді еске түсіру мүмкіндігіне ие болды. Сонымен қатар қонақтар Energo University-дің жаңа, техниканың соңғы үлгілерімен жабдықталған зертханаларын көре алды.

Энергетика және жасыл технологиялар институтының директоры Бегимбетова Айнур акт залда қонақтармен амандасты. Түлектермен жұмыс бөлімінің бастығы Абдуллина Зарема келген қонақтарға Energo Alumni club  жұмысы туралы ақпаратпен және бұрынғы студенттермен өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған Түлектер Қауымдастығының жұмыс концепциясымен таныстырды.

Өз кезегінде түлектер өздерінің студенттік кезеңдерін еске алып, университетті бітіргеннен кейін ашылған мүмкіндіктер, қазіргі еңбек қызметі және кәсіби жетістіктері туралы айтып берді.

Жылы және достық атмосферада бұрынғы студенттер өздерінің оқытушыларымен бірге сүйікті  Energo қабырғаларында Бірге өткізген жылдар туралы естелік бейнероликтерді тамашалады. Сондай-ақ, қонақтарға тақырыптық викторинада өздерінің кәсіби білімдерін тексеруге және түлектің мантиясын киіп көруге мүмкіндік берілді.

Кездесуден кейін 2005 жылғы түлектер атап өткендей, Energo University қабырғасындағы бұл кездесу, Туған университетінен шыққаннан кейін 19 жыл өткен соң, олар үшін жарқын және ұмытылмас оқиға болды.

- Кездесуден алған әсерді сөзбен жеткізу мүмкін емес, - деп бөлісті олар. - Мұндай ностальгия! АУЭС басшылығына және бүкіл ұжымына бізде бар білім үшін және осындай жылы қабылдағаны үшін ерекше алғыс білдіреміз!