Приходько Николай Георгиевич – «2023 жылғы Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» республикалық байқауының жеңімпазы

Приходько Николай Георгиевич – «2023 жылғы Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» республикалық байқауының жеңімпазы

15.02.2024 Барлық жаңалықтар


Өткен жылдың соңында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі ұйымдастырған «2023 жылғы ЖОО - ның үздік оқытушысы» байқауының жеңімпаздарының есімдері белгілі болды. Республикалық конкурстық комиссия еліміздің 80 жоғары оқу орнынан 768 үміткер арасында мұқият іріктеу жүргізді. 43 қазақстандық ЖОО-дан 150 оқытушы жеңімпаз атанды. Олардың арасында Energo University-дің (Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті) екі оқытушысы бар.

Бүгін біз жеңімпаздардың бірі – профессор, химия ғылымдарының докторы, энергетика және жасыл технологиялар институтының инженериядағы экология және инженерия менеджмент кафедрасының оқытушысы Николай Георгиевич Приходько туралы айтып отырмыз.

–  1973 жылы Қазақ политехникалық институтының Энергетика факультетін «Электр жылу станциялары» мамандығы бойынша бітірдім. Студент кезінде ғылыми қызметпен айналыстым, конференцияларға қатыстым, ол үшін грамоталар алдым, - деп еске алады Николай Георгиевич. – Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін біраз уақыт өндірісте жылу энергетигі болып жұмыс істедім. Содан кейін қайтадан ғылымға оралдым. Менің қызығушылығым Жылу энергетикасы, стационарлық емес түрдегі температура өрістерін зерттеу болды, біз Шымкент фосфор зауытында тәжірибелер жүргіздік. 1975 жылы Алматы энергетикалық институты ашылған кезде мені еңбекті қорғау кафедрасына шақырды.

Николай Георгиевич 1980 жылға дейін АЭжБИ-да жұмыс істеді. Содан кейін ол Н. Бауман атындағы ММТУ-да (Мәскеу қ.) күндізгі аспирантурада оқыды. «Еңбекті қорғау» кафедрасында екі мамандық бойынша кандидаттық диссертация қорғады. 2008 жылы АЭжБУ-ға оралды және осы уақытқа дейін осында жұмыс істейді. Әріптестері де, студенттері де атап өткендей, Приходько жоғары теориялық деңгейде «Өнеркәсіптік қауіпсіздік», «Биологиялық, химиялық және радиациялық қауіпсіздік» курстарын, «Инженерлік эксперимент теориясы мен техникасы», «Ғылыми-инновациялық қызметті жоспарлау және басқару», «Қауіпті өндірістік объектілердің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясы» арнайы курстарын оқиды.

Біздің университетте сабақ берумен қатар, Николай Георгиевич өмір бойы ғылыммен айналысады. Ол көмір химиясы, химиялық физика, жану үдерістері, плазмохимия, механохимия, наноматериалдар және нанотехнологиялар сияқты ғылым салаларын дамытуға маманданған Қазақстанның жетекші мекемесі - Жану мәселелері институтында елеулі зерттеу қызметін жүргізеді.

Николай Георгиевич өзінің бүкіл оқытушылық мансабын студенттерге жақсы білім беріп қана қоймай, болашақ инженерлермен өзінің өмірлік философиясымен бөліседі, жауапты азаматтардың ұрпағын қалыптастыруға үлес қосады.

-  Оқытушылық қызмет-бұл маңызды жұмыс, өйткені ол жастармен байланысты. Ал жастарды тәрбиелеу керек, - дейді Николай Георгиевич өзінің оқытушылық қағидаларымен бөлісіп. - Сондықтан, әрине, сабақтарды өткізу, студенттермен қарым-қатынас жасау үдерісінде белгілі бір тәсілдер бар. Біріншіден, мұғалім жоғары сауатты болуы керек. Ол сондай-ақ өз кәсібін және сабақ беретін пәндерін жақсы көруі керек. Ол бұл махаббатты студенттерге жеткізе білуі керек. Студенттер – ерекше әлеумет. Оқытушы әркімге ебін тауып, оның мүмкіндіктерін аша білуі керек. Көрсеқызарлық (снобизм) студенттермен қарым-қатынаста рұқсат етілмейді, өйткені бұл пәнді қабылдау үдерісін бірден төмендетеді, сонымен қатар студенттің мүмкіндіктерін белгілі бір дәрежеде төмендетеді. Оқытушыға студенттің барлық мүмкіндіктерін ашып, оған перспектива көрсету маңызды!