АЭжБУ қазынасы орыс тілі мен сөйлеу мәдениеті бойынша ЖОО аралық олимпиадасынның жүлделі орынымен толықты

АЭжБУ қазынасы  орыс тілі мен сөйлеу мәдениеті бойынша ЖОО аралық олимпиадасынның жүлделі орынымен толықты

03.03.2023 Барлық жаңалықтар


АЭжБУ қазынасы  орыс тілі мен сөйлеу мәдениеті бойынша ЖОО аралық олимпиадасынның жүлделі орынымен толықты

Орыс тілі мен сөйлеу мәдениеті бойынша ЖОО аралық олимпиадада 2-орын алған АЭжБУ-дің «Энерго»  командасын құттықтаймыз!

2 наурызда Сүлейман Демирел атындағы университетте тілдік емес мамандықтардың 1-2-курс студенттеріне арналған орыс тілі мен сөйлеу мәдениеті бойынша ЖОО аралық олимпиада өтті. Іс-шара ТМД-дағы орыс тілі жылына орайластырылды, оған Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарынынан АЭжБУ, SDU, «Тұран», АЛиТ, ХАТУ командалары және т. б. бақтарын сынады. Біздің университеттің атынан студенттер Ерболсын Бауыржан (ЭЭк-22-3), Ернияз Әсем (ЭЭк-22-3), Есхожина Даяна (АЭМСк-22-1) қатысты.

Командалар үй тапсырмасы бойынша alma mater туралы «Визит карточкасы» бейнеролигі, сондай-ақ орыс классиктерінің шығармаларынан көріністер дайындады. Біздің «Энерго» командасы М. Зощенконың «Кедейлік» әңгімесі бойынша тұрғын үйді электрлендіру тарихын ұсынды. Студенттерді  тіл білімі кафедрасының доценттері Қ. Б. Құбдашева мен Ю. Г. Смирнова дайындады.

«Лингвистикалық жаттығу» кезеңінде студенттер грамматика, лексика, фонетика бойынша білімдер сайысына түсті. Орыс классикасын (Пушкин, Чехов, Тургенев, Гоголь және т.б. шығармалары), лингвистикалық міндеттерді және логика мен тілдік талғамға қатысты сұрақтарды білуге арналған көптеген күрделі тапсырмалар болған «Сіз білесіз бе?» атты интеллектуалды викторина шешуші  финал болды.

Қазылар алқасының дауыс беру қорытындысы бойынша АЭжБУ-дің «Энерго» командасы 2-орын алды. Біздің жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймыз! Балаларға шығармашылық табыс және болашақта жарқын жеңістер тілейміз!