босаған білім беру гранттарын беру


15.01.2024 Все объявления


ХАБАРЛАНДЫРУ

Құрметті магистранттар!

«АЭжБУ» КеАҚ 2023-2024 оқу жылына жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімді алу процессінде бірінші семестр қорытындысы бойынша босаған білім беру гранттарын беру үшін байқау өткізетіні туралы хабарлайды.

Байқау «Бакалавр немесе магистр дәрежесін бере отырып, жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімге ақы төлеу үшін білім беру грантын беру қағидалары» ережесіне сәйкес өткізіледі.

Байқауға қатысқысы келетін магистранттар ЖКБД магистранттар және докторанттармен жұмыс бөліміне (А222 кабинет) 18.01.2021 ж. дейін жүгінуі қажет. Өзімен бірге жеке куәлігінің түпнұсқасы болуы керек.

Байқауға ақылы негізде оқитын және байқауды өткізу сәтінде пәндер бойынша академиялық берешегі жоқ магистранттар қатыса алады.

Құрметпен,

ЖКБД директоры                  Талжанов Е.А.