Жаңа жылдық ертеңгілік


09.12.2022 Все объявления


Құрметті әріптестер,

Жыл он екі айдың ішіндегі ең сиқырлы, ең қуанышты ай – желтоқсан да келіп жетті! Жаңа жыл қарсаңында Аяз Ата, Ақшақар және басқа да танымал кейіпкерлермен бірге мерекелік ертеңгілікте қонақ болып, балаларыңызға қуаныш сыйлаңыз!

Қызметкерлердің кәсіподақ комитеті сіздің балаларыңыз үшін Жаңа жылдық шырша қойылымын дайындады. Қызықты мерекелік бағдарламамен қатар, балаларды Үздік жаңа жылдық костюм және Үздік өлең үшін сыйлықтар, көптеген тәттілер және де ең бастысы – Аяз атамен кездесу күтеді.

Өтетін күні: 17 желтоқсан

Басталуы: 11.00

Жасы: 2 жастан 12 жасқа дейін

Мекенжайы: Шашкин көшесі, 14 / Попов көшесі, 38, «Энтел» Жастар орталығы

Сұрақтар бойынша: 87771946138 -Рысбекова Нұргүл Сағидолданқызы, profkom.sotrudnikov@aues.kz

 

Баршаңызды күтеміз!

Көңіл-күйлеріңіз әрдай ым көтеріңкі болсын!