Energo University-дің студенттері – өрт қауіпсіздігі бойынша республикалық олимпиадада 3 орын алды

Energo University-дің студенттері  – өрт қауіпсіздігі бойынша республикалық олимпиадада 3 орын алды


02.05.2024 Барлық жаңалықтар


25-26 сәуірде М.О. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде 6В11210 «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» білім беру бағдарламасы аясында «Өрт қауіпсіздігі» пәні бойынша жоғары оқу орындары арасында XVI Республикалық студенттік пәндік олимпиада өтті. Олимпиадаға Қазақстанның 11 жоғары оқу орны қатысты.

Energo University-дің (Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті) атынан техника ғылымдарының кандидаты, доцент, еңбек сіңірген профессор Санатова Тоты Сабировна және практика профессоры Айтбаева Жанар Матжанқызының сүйемелдеуімен «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандығының 3 курс студенттерінің командасы қатысты, оның құрамына БЖДк-21-1 тобының келесі студенттері кірді:

Турехан Раушан

Абдурахманова Жулдызай

Кунтуар Акерке

Олимпиадада студент Күнтуар Ақерке 3-орынды алды.

Ақеркені құттықтаймыз және оған алдағы табыстар мен жеңістерді тілейміз!