Кітапхана

  1. Алматы энергетика және байланыс университетінің кітапханасы

    ҚР ең ірі техникалық кітапханаларының бірі. Кітапхана 1997 жылы В. И. Ленин ат. Қазақ политехникалық институтының және Алматы энергетика институтының кітап қоры негізінде құрылған.

    351*470px 351*470px
  2. library.aues.kz

    Қазір кітапханада 6 кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсету пункті жұмыс істейді. Олар: абонемент, үш мамандандырылған оқу залы, «Медиатека» электрондық ресурстар залы және №1 жатақханада орналасқан сабақтан тыс сабақтарға арналған оқу залы. Ауданы-1155 шм

    351*470px 351*470px
  3. library.aues.kz

    Қазір кітапханада 6 кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсету пункті жұмыс істейді. Олар: абонемент, үш мамандандырылған оқу залы, «Медиатека» электрондық ресурстар залы және №1 жатақханада орналасқан сабақтан тыс сабақтарға арналған оқу залы. Ауданы-1155 шм

    351*470px 351*470px
Электронды каталог
2017 жылға дейінгі біздің басылымдар
ОПҚ жаңартылған басылымдары
100kitap
Қвзақстанның ашық университеті
Қазақстандық және халықаралық электрондық ресурстар

Университет кітапханасының қызметі келесі классикалық постулаттарға негізделеді: баспа және электронды түрдегі ғылыми, білім беру және мәдени мұраларын жинау және сақтау, оқырмандарға ақпараттар мен мағлұматтардың зияткерлік қорларын ұсыну, оқу және ғылыми үрдістердің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Кітапхана 1997 жылы В.И.Ленин ат. Қазақ политехникалық институтының және Алматы энергетикалық институтының кітаптар қоры негізінде құрылды.

Кітапханада кітапханалық – ақпараттық қызмет көрсету бойынша келесі 6 пункт жұмыс жасайды: абонемент, 3 мамандандырылған оқу залы, «Медиатека» электронды қорлар залы және №1 жатақханадағы  сабақтан тыс оқуға арналған оқу залы. Ғимарат ауданы – 1151 м2 , жалпы орын саны - 254,  компьютерлер саны – 33.

Кітапхананың жалпы кітапханалық қоры 600778 дананы құрайды, оның ішінде қазақ тілінде 225631,  шетел тілінде 6755 дана. Жыл сайын жүзден астам журналдар мен газеттердің атауы жазылады.

Кітапханада 2005 жылдың қарашасынын бастап «РАБИС» автоматтандырылған кітапханалық жүйе негізінде электронды тізімдеме жүргізіледі. Электронды тізімдемеге университеттің кез келген компьютері арқылы және кез келген жерден Интернет арқылы қашықтықтан кіруге болады

Қызмет көрсету бөлімі абонементтер, оқу залдары және кітапханааралық абонементтер бойынша (КАА) студенттер, магистранттар, докторанттар, ОПҚ және университет қызметкерлері мен басқа ұйымдар мен мекемелердің оқырмандарына қызмет көрсетуді дифференциалды қағидалар негізінде ұйымдастырады. Қызмет көрсету жұмыстары барлық тарату бөлімдерінде оқырмандарды есепке алу және кітап беру қызметі автоматтандырылған.

Абонемент (А-236) 

Кітапханаға жазылу және оқу әдебиеттерін үйге алу абонементте (А-236)  ұйымдастырылған. Әдебиеттер пәндер бойынша (семестр, курс)  толық оқу мерзіміне беріледі және міндетті түрде жазғы демалыс басталғанға дейін тапсырылады.  

№ 1 оқу залы (А-127)

Техникалық әдебиеттер залы 18 000 данадан астам кітапханалық қорға және  оқырмандарға арналған 120 орынға ие.

№2 оқу залы (А-127)

Е.М. Сыпатаев атындағы әлеуметтік-гуманитарлық пәндер залы әлеуметтік-гуманитарлық модульдегі пәндерді кітаптар және оқу материалдарымен қамтамасыз етеді.

Электронды оқу залы «Медиатека» (А-125)

Студенттер интернет және электронды ақпараттандырылған қорлар желісіне «Медиатека» электронды оқу залы арқылы кіре алады, әрі онда «Алтын бет» оқу және оқу-әдістемелік әдебиеттердің толық мәтіндік базасы мен СD-дисктердегі оқу әдебиеттерінің көлемді тізімдемесі орналасқан.  Университет кітапханасы РЖЭК-мен (Республикалық ЖООаралық электрондық кітапхана) ақпараттық  қызмет көрсету туралы шарты бар, ол ҚР ЖОО кітапханаларының біріккен ақпараттық қорларын пайдалануға мүмкіндік береді. Юрайт білім беру платформасы –  бұл білім беру ресурсы, электронды кітапхана және интернет – дүкен,  онда сіз авторлардың кәсіби білімнің барлық деңгейлеріне арналған жетекші университет оқытушыларының электронды және баспа оқулықтарын оқуға және сатып алуға, сонымен қатар мұғалімдерге бейне және аудио материалдарды тестілеу мен қызметтерді пайдалануға болады, аптасына 7 күн 24 сағат бойы қолжетімді.

Ұлттық жазылымның арқасында Scopus және Web of Science базаларына кіру жүзеге асырылады.

№4 оқу залы (А-121) 

Оқырмандар ақпараттық-библиографиялық залда қоғамдық-саяси және ақпараттық газеттер, кәсіби және ғылыми-практикалық журналдар  сияқты мерзімді басылымдармен таныса алады. Мұнда кітапханашылар оқырмандарға ӘОК, ҒТАМР индекстерін анықтауға, тақырып бойынша әдебиеттер таңдауға, кітап жаңалықтары туралы толық ақпараттар алуға көмектеседі.

№1 жатақханада кешкі уақытта сабақтан тыс оқуға арналған Оқу залы жұмыс істейді.

Кітапхана жастардың мәдени және рухани тәрбиесінің орталығы. Мұнда «Ұлағат» және «Ғибрат»   студенттік көркем-әдеби клубтармен бірлесе әдеби кештер, танымал тұлғалармен кездесулер өткізіледі.

Кітапхана университет сайтында, кітапхананың оқу залдарында және университет дәліздерінде, әлеуметтік желілерде тақырыптық көрмелерді белсенді түрде өткізіп тұрады.

Пример

Пример

Юрайт білім беру платформасы  —   білім беру ресурсы, электрондық кітапхана және интернет-дүкен, онда кәсіби білім берудің барлық деңгейлері үшін жетекші университеттердің оқытушы авторларының электрондық және баспа оқулықтарын оқуға және сатып алуға, сондай-ақ  24 сағат, аптасына 7 күн  қолжетімді бейне және аудиоматериалдарды, тестілеу мен  сервистерді пайдалануға болады. 

library library

Республикалық жоғары оқу орындары арасындағы электрондық кітапхана (РЖАЭК) – оқытушы-профессорлар құрамының, студенттердің, магистранттардың, докторанттардың және білім беру қызметіне басқа да қатысушылардың қажеттіліктерін толық қанағаттандыру үшін құрылған Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының толықмәтінді білім беру ресурстарының бірыңғай ақпараттық жүйесі.



24/7 Виртуалды қызмет

Вы можете заказывать посещение библиотеки в удобное Вам время, отправлять свои заказы на получение литературы и свои вопросы и замечания, заполнив форму ниже (запись не позднее чем за один день перед посещением или получением литературы):