АЭжБУ «Solar soul» командасы «Student Energy-2022» зияткерлік конкурсында екінші орынды иеленді

АЭжБУ «Solar soul» командасы «Student Energy-2022» зияткерлік конкурсында екінші орынды иеленді

30.09.2022 Барлық жаңалықтар


АЭжБУ «Solar soul» командасы «Kazenergy» Қауымдастығы мен «Шелл Қазақстан» компаниясы ұйымдастырған «Student Energy Challenge» зияткерлік конкурсында екінші орынды иеленді. 

АЭжБУ командасының құрамында МЭЭ(рз)21-2 тобының студенттері Акжайна  Байдуллина  және Ануар Кусаинов болды. Команда жетекшісі "Электроника және Робототехника" кафедрасының аға оқытушысы Алина Фазылова. 

 «Student Energy-2022» конкурсының филлиалы Алматы қ. Дүниежүзілік мұнай кеңесінің "Энергетикалық ауысу: ұрпақтар диалогы" ҮІІ жастар форумы аясында өткізілді. 

"Электроника және Робототехника" кафедрасының аға оқытушысы Алина Фазылова

«Бұған дейін біз жобаларды сипаттаудан, жобаның паспортын жасаудан тұратын 3 кезеңнен өттік және финалға жеттік, онда өз бейнеролигімізді ұсынып, 2-орынды иелендік және жобаны іске асыру үшін 2 миллион теңгеден астам грантты ұтып алдық».