Құжаттарды тапсыру

Қабылдау үшін құжаттар

Оқуға түсу үшін үміткер қабылдау комиссиясына келесі құжаттарды ұсынуы керек:

Күндізгі оқу
  1. жалпы орта, техникалық және кәсіптік білімі туралы құжат (түпнұсқа);
  2. жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  3. 3 х 4 сантиметр көлеміндегі 6 фотосурет;
  4. ҰБТ сертификаты;
  5. білім беру грантын тағайындау туралы куәлік (бар болса);
  6. профилактикалық егулер картасы (063/у анықтамасы) (көшірмесі);
  7. тіркеу куәлігінің көшірмесі (ұлдар үшін);
  8. 075-У үлгісіндегі медициналық анықтама және флюрография түсірілімі.

Бірінші және екінші топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар,жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғалар, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін, сондай-ақ кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары артықшылықты құқық және квота беруді растайтын құжаттарды қосымша ұсынады.

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі туралы құжаттары бар, біліктілігін растаған және мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар тұқлғалар мынадай құжаттардың бірін қоса береді:

1) еңбек кітапшасының көшірмесі (түпнұсқа салыстыру үшін көрсетіледі);

2) жұмыс берушінің қолы қойылған, ұйымның мөрімен (бар болса) расталған қызметтік тізім (қызметкердің жұмысы, еңбек қызметі туралы мәліметтер тізбесі);

3) қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтерді қамтитын архивтік анықтама;

4) аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан үзінді-көшірмелері және әлеуметтік төлемдер жүргізілгені туралы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан мәліметтер;

5) мерзімі және оны тоқтату негіздемесі көрсетілген жұмыс берушінің еңбек шарты;

6) еңбек шартын жасау мен тоқтату негізінде еңбек қарым-қатынасының пайда болуы мен тоқтатылуын дәлелдейтін жұмыс берушінің актісінен үзінді;

7) жұмысшыларға жалақы беру ведомосынан үзінді.

Колледж бітірушілері үшін ҚБТ қолдану арқылы күндізгі

Колледжден кейін оқуға түсуші талапкерлер қабылдау комиссиясына келесі құжаттарды ұсынуы тиіс:

1. қабылдау туралы өтініш;

2. техникалық және кәсіптік білімі туралы құжат (түпнұсқа);

3. жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

4. 3 х 4 сантиметр көлеміндегі 6 фотосурет;

5. 075-У үлгісіндегі медициналық анықтама және флюрография түсірілімі.

Бірінші және екінші топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар,жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғалар, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін, сондай-ақ кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары артықшылықты құқық және квота беруді растайтын құжаттарды қосымша ұсынады.

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі туралы құжаттары бар, біліктілігін растаған және мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар адамдар мынадай құжаттардың бірін қоса береді:

1) еңбек кітапшасының көшірмесі (түпнұсқа салыстыру үшін көрсетіледі);

2) жұмыс берушінің қолы қойылған, ұйымның мөрімен (бар болса) расталған қызметтік тізім (қызметкердің жұмысы, еңбек қызметі туралы мәліметтер тізбесі);

3) қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтерді қамтитын архивтік анықтама;

4) аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан үзінді көшірмелері және әлеуметтік төлемдер жүргізілгені туралы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан мәліметтер;

5) мерзімі және оны тоқтату негіздемесі көрсетілген жұмыс берушінің еңбек шарты;

6) еңбек шартын жасау мен тоқтату негізінде еңбек қарым-қатынасының пайда болуы мен тоқтатылуын дәлелдейтін жұмыс берушінің актісінен үзінді;

7) жұмысшыларға жалақы беру ведомосынан үзінді.

 

Екінші жоғары

Екінші жоғары білім алу үшін талапкер қабылдау комиссиясына келесі құжаттарды ұсынуы тиіс:

1. қабылдау туралы өтініш;

2. жоғары білімі туралы құжат (түпнұсқа);

3. жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

4. 3 х 4 сантиметр көлеміндегі 6 фотосурет;

5. 075-У үлгісіндегі медициналық анықтама және флюрография түсірілімі.