Электр энергетикалық жүйелер



Техника және технология бакалавры


Бейіндік пәндер: математика + физика


Оқыту тілі: қазақ, орыс және ағылшын

Оқу бағдарламасының мақсаттары : Инновациялық технологияларды пайдалана отырып, электр энергетикалық жүйелердің электр жабдықтарын жобалау, пайдалану және жаңғырту білімі, іскерлігі мен дағдылары бар еңбек нарығында жоғары білікті және сұранысқа ие мамандарды даярлау.


Білім беру бағдарламасы аясында оқыту траекториясы:

- Электр станцияларының электр жабдықтарын жаңғырту; - Электр желілері мен жүйелерінің электр жабдықтарын жаңғырту;


Кәсіби қызмет саласы Кәсіби қызмет саласы электр энергиясын өндіру, жеткізу және тарату бойынша күрделі техникалық немесе практикалық міндеттерді шешу болып табылады.


Кәсіби қызмет объектілері
Бітірушілердің кәсіби қызметінің нысандары: - ірі облыстық және қалалық электр станцияларында электр энергиясын өндіру; - электр энергиясын алыс қашықтыққа жеткізу (мемлекетаралық және өңіраралық электр энергетикалық компаниялар және олардың бөлімшелері); и - облыстық, қалалық және аудандық деңгейлерде электр энергиясын тарату (облыстық, қалалық және аудандық электр тарату компаниялары).


Кәсіби қызмет пәндері
Электр жабдықтары мен электр қондырғыларын жобалау, монтаждау, баптау, пайдалану және жөндеу: - жылу, атом, гидравликалық, газтурбиналық және газ-піспекті электр станциялары мен жаңартылатын энергия көздері; - өңіраралық, облыстық және қалалық электр тораптары мен жүйелері; - электр энергетикалық жүйелердің релелік қорғанысы және аварияға қарсы автоматикасы; - электр энергетикалық жүйелерді диспетчерлендіру.


Кәсіби қызмет міндеті

- электр станциялары мен қосалқы станциялар, электр тораптары мен жүйелері, электр энергетикалық жүйелердің релелік қорғанысы мен апатқа қарсы автоматикасы, электр оқшаулау және шоғырсым техникасы, электр технологиялық қондырғылар мен жүйелер бойынша жобаларды әзірлеуді;

- электр энергетикалық жүйелердің релелік қорғанысы мен апатқа қарсы автоматикасын, станциялардың, қосалқы станциялар мен электр тораптардың электр жабдықтарын монтаждау және баптау жүргізуді;

- электр станциялары мен электр тораптардың электр жабдықтарын және релелік қорғау және апатқа қарсы автоматика жүйелерін дұрыс пайдалану, қызмет көрсету және жөндеуді;

- қалалық, облыстық және республикалық электр тораптары мен жүйелерін диспетчерлендіруді.


Материалдық-техникалық база

- «TUR» (Германия) компаниясының ультра жоғары вольтты зертханалық кешені (ГИН-1000 кВ, ИОМ-350 кВ, УПТ-250 кВ).

- Siemens, ABB, EKRA, Schneider electrik компанияларының релелік қорғаныс пен автоматикаға арналған цифрлық стендтері;

- ABB, Таврида Electric, Schneider elektrik, Moeller, Siemens компанияларының коммутациялық жабдықтары;

- Power Factory DigSILENT, CHV laboratory, PS CAD, RastrWIN, MatCad, MatLab және т.б. бағдарламалық қамтамасыз етумен сабақтар.


Жұмысқа орналасу нұсқалары :

- «KEGOC» АҚ, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ, «Alageum Electric», «TATEK» АҚ, Аймақтық электр тарату компаниялары (Атырау, Ақтөбе, Ақтау, Орал, Қызылорда, Шымкент);

- «АльПС» АҚ, Жамбыл ГРЭС, Шымкент жылу электр орталығы, Қызылорда жылу электр орталығы, Ақтөбе жылу электр орталығы, Батыс Қазақстан жылу электр орталығы және т.б.