Energo University-де Erasmus+ Ұлттық кеңсесінің өкілімен кездесу өтті

Energo University-де Erasmus+  Ұлттық кеңсесінің өкілімен кездесу өтті

26.04.2024 Барлық жаңалықтар


Energo University-де (Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті) Қазақстандағы Erasmus + Ұлттық кеңсесінің өкілі Лаура Палуановамен кездесу өтті.

Erasmus+ — бұл Еуропалық Одақтың білім беру, кәсіптік оқыту, жастар саясаты және спорт саласындағы бағдарламасы. Оның мақсаты-азаматтардың кәсіби және жеке өсуіне ықпал ету, жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты дамыту.

Ақпараттық сессия барысында Университет басшылығына, институт директорларына және кафедра меңгерушілеріне бағдарламаның негізгі бағыттары ұсынылды:

 - академиялық ұтқырлық (студенттердің, қызметкерлердің және ПОҚ),

- жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастық,

- реформа саясатын қолдау.

Лаура Палуанова қатысудың жаңартылған ережелері туралы айтып берді, сондай-ақ Energo University Erasmus+ - пен табысты өзара іс-қимыл тәжірибесі бар екенін және біздің ЖОО-ның осы бағдарламаға қатысуын жалғастыруға үміт білдіргенін атап өтті.

Erasmus + бағдарламасының барлық мүмкіндіктері және шетелдік ЖОО-да білім алу мен тағылымдама туралы толығырақ Energo University-дің Халықаралық ынтымақтастық бөлімінен күн сайын жұмыс күндері сағат 8:30-дан 17:30-ға дейін 411-кабинетте, А корпусы, Байтұрсынұлы көшесі, 126/1-де білуге болады.